Бурабайда Көкшетау мен Бөлектау тауларына шығуға уақытша тыйым салынды

Фото: ЖИ ChatGPT

Аптап ыстыққа байланысты Бурабайдағы мемлекеттік орман қоры аумағында IV–V санатты жоғары өрт қаупі жарияланды.

Осыған байланысты 20 тамызға дейін Көкшетау және Бөлектау тауларына шығуға уақытша шектеу қойылды. Бұл шара туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт қаупінің алдын алу мақсатында қабылданды.

Жаз маусымы басталғалы Бурабай ұлттық табиғи паркі аумағында 4-5 табиғи өрт ошағы анықталған. Бейнемониторинг жүйесінің көмегімен олардың барлығы дер кезінде сөндірілген.

Қазір туристік нысандардағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, негізгі бағыттарға бейнебақылау жүргізілуде.

Дереккөз: Qazaqstan.tv