Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Тергеу мәліметінше, 34 жастағы ер адам 59 жастағы өгей әкесіне асүй пышағымен бірнеше рет жарақат салған.
Алған жарақаттарының салдарынан ер адам көп қан жоғалтып, оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті бірден ұсталып, полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал анасына қатысты туындаған келіспеушіліктен шыққан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
📌 Дереккөз: Stan.kz