Жаңа Салық кодексінде не өзгерді? Кәсіпкерлердің барлығы "Жалпы режимге" өте ме әлде "Жеңілдетілген режим" қала ма? Осы сұрақтарға жауап беріп көрелік.
Иә, 2026 жылдың 1-қаңтарынан бастап жаңа салық кодексі күшіне енеді. Ол жерде ҚҚС бастап біраз дүние өзгерді. Енді, кәсіпкерлердің біразы жеңілдетілген режим бойынша салық төлей алмайды.
Заң шығарушылар жеңілдетілген режимде тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін шағын бизнес өкілдері қалатынын атауда. Мәселен, қонақ үй, үй астындағы шағын дүкен, көлік жөндеу орталықтары, кафе және ресторан, басқа да халыққа тікелей қызмет көрсететін кәсіп иелері 4% (кей жағдайда 2%) салық төлейді.
Сонымен, егер де сіздің кәсібіңіз мына 121 қызмет түріне енген болса салығыңызды үйреншікті режимде төлей бересіз. Жеңілдетілген режимде салық төлеушілердің тізіміне сілтеме
Әзірлеген: Айсұлтан Жақып