BANNER

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде қай орында тұр

Сурет: ҚФФ

ФИФА футболдан әлем құрамалары рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады. Бұл рейтингте қазақстандық футболшылар 113-орында тұр. Бұрынғысынан үш орынға төмен сырғыған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі. 

Наурыз айында ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде екі ойын өткізді.

Алдымен Уэльстен 1:3 есебімен жеңілсе, одан кейін Лихтенштейнді 2:0 есебімен тізе бүктірді. 

Әлемдік рейтингте бұрынғысынша Аргентина көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Испания мен Франция келеді.

2025 жылдың 3 сәуіріндегі ФИФА рейтингісі

1 (1). Аргентина - 1886,16;

2 (3). Испания - 1854,64;

3 (2). Франция - 1852,71;

4 (4). Англия - 1819,2;

5 (5). Бразилия - 1776,03;

6 (7). Нидерланды - 1752,44;

7 (6). Португалия - 1750,08;

8 (8). Бельгия - 1735,75;

9 (9). Италия - 1718,31;

10 (10). Германия - 1716,98;

25 (25). Украина - 1559,81;

35 (34). Ресей - 1516,27;

57 (58). Өзбекстан - 1437,02;

68 (68). Грузия - 1373,05;

98 (98). Беларусь - 1235,36;

102 (100). Армения — 1208,31;

103 (107). Қырғызстан - 1205,68;

104 (104). Тәжікстан - 1203,42;

113 (110). Қазақстан - 1177,66;

119 (117). Әзербайжан — 1150,64;

121 (123). Эстония - 1144,48;

140 (137). Латвия - 1084,11;

142 (141). Түркіменстан - 1076,13;

143 (142). Литва - 1072,56;

154 (151). Молдова - 1031,37.