BANNER

Астанада футзалдан жасөспірімдер арасындағы Еуро-2027 өтетін болды

Сурет: kff.kz

Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі командалар арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді. Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде финалдық кезеңге жолдама алады. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады.

Айта кетсек, бұл турнир алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Қазір U-19 санатындағы Еуропа чемпионы — Португалия, ал екі мәрте (2019 және 2022 жылдары) топ жарған Испания ең табысты команда саналады.