Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қатардың Доха қаласында өткен WTT Youth Star Contender халықаралық турнирінде екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Жекелей сында қазақстандық спортшы бес мәрте жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Ақтық сын жолдамасы сарапқа салынған кездесуде ол командалық жарыстарда жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абхинандх Прадхивадхиге (Үндістан) жол берді. Осылайша, Алан жартылай финалға жеткенінің арқасында қола жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ, Алан жұптық сында да үшінші орынға ие болды. Ол бұл жарыста Литва өкілі Игнас Сисановаспен бірге өнер көрсеткен болатын.
