22 шілдеде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласындағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының орталық ипподромында «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің салтанатты финалы өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді.
Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.