Ербол Хамитов Италиядағы қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Спортшы классикалық спринтте қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.
Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.