Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медалді жеңіп алды

Фото: Паралимпиада ойындарында түсірілді

Ербол Хамитов Италиядағы қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Спортшы классикалық спринтте қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.