Әр жылы 15 мамырда әлем бойынша Халықаралық отбасы күні аталып өтеді. Бұл күн 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген және отбасылардың қоғамдағы рөлін, олардың әлеуметтік, экономикалық және демографиялық маңызын насихаттауға бағытталған.
2025 жылы бұл күн «Тұрақты даму үшін отбасылық саясаттар: Екінші Әлемдік әлеуметтік даму саммитіне қарай» тақырыбымен өтеді. Бұл тақырып отбасылық саясаттардың тұрақты дамуға қосатын үлесін және әлеуметтік прогрестегі маңызын айқындайды.
Отбасы – әрбір адамның алғашқы мектебі, құндылықтар мен дәстүрлердің бастауы. Отбасында алған тәрбие мен сүйіспеншілік адамның болашағына, қоғамдағы орнына тікелей әсер етеді.
Халықаралық отбасы күні – бұл тек мереке ғана емес, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту және қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды күн.
Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар, конференциялар, отбасылық фестивальдер ұйымдастырылып, отбасылардың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы тағы бір мәрте еске салынады.
Отбасы – қоғамның негізі, ал оны сақтау мен нығайту – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.