Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) функцияларының біріне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары және заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау болып саналады.
Осы бағытта, 2026 жылдың 8 айыныңнәтижесінде Департаментпен 230-дан астам мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті сұрау салулар жолдау, сондай-ақ Telegram-бот қосымшасы арқылы келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде жүзеге асырылуда.
Соңғы уақытта жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша азаматтардан келіп түскен 2 өтініштің негізінде Департаментпен жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік тіркеу бойынша тексеру барысында мемлекеттік қызмет көрсетушінің бас тартуы негізсіз деп танылып, анықталған сәйкессіздіктердің қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болмағаны анықталды.
Бұдан бөлек, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау кезінде тиісті ақпараттық жүйегеқате мәлімет енгізілгені анықталып, Департаменттің ықпалымен ақпараттық жүйедегі деректер құқық белгілейтін құжаттарға сәйкестендірілді. Нәтижесінде екі жағдайда да қызмет алушылардың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді.
Аталған бағыттағы жұмыс Департаментпен тұрақты және жүйелі түрде жүргізіліп, мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері ерекше бақылауда.