«Қазгидромет» 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы күндері елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді.
Солтүстікте күн салқындайды, ал оңтүстікте жылы ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыста 12 қыркүйекте жаңбыр жауады. Батыс өңірлерде жауын-шашын басылып, күн ашылады.
Өңірлердегі ауа температурасы:
Солтүстік, солтүстік-батыс: +13…+23°С
Орталық: +15…+25°С
Батыс: +20…+28°С