Жаркент қаласындағы мектептердің бірінің ауласында 10 жастағы қызды тоқ соғып, қайтыс болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, 5-сынып оқушысы мектеп аумағындағы ашық тұрған трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кеткен. Салдарынан оны электр тогы соққан.
Бала ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаркентте мектеп ауласында 10 жастағы қызды тоқ соғып, көз жұмды
Фото: Gemini ИИ