Жаңа буын реакторларының қауіпсіздігі бойынша зерттеулер: Қазақстанның жаһандық атом ғылымындағы рөлі қандай

Фото: Life09

Әлемдік энергетикада қауіпсіздігі жоғары әрі көпфункционалды жаңа буын реакторларына көшу үрдісі белсенді қарқын алып келеді. Еліміз ядролық технологияларды жай ғана тұтынушы емес, төртінші буын реакторларының қауіпсіздігін әлемдік деңгейде негіздейтін басты серіктеске айналуда.