Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған атасы мен немересін іздеу жұмыстары аяқталды. ТЖД құтқарушылары 2020 жылы туған баланың мәйітін оқиға орнынан 1,5 шақырым, ал 1967 жылы туған ер адамның денесін 5 шақырым төменнен тапты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Марқұмдардың денесін судан шығаруға құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Тобыл өзенінде жоғалған атасы мен немересінің денесі табылды
Фото: Gemini ИИ