Қазақстанға кіретін шетел азаматтары үшін жаңа талап енгізілді. Енді электронды рұқсатты алдын ала рәсімдегендер 3,9 мың теңге, ал оны шекарада алғандар 7,6 мың теңге төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ZTB - QAZAQSTAN-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Сербия Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына арналған ескертуінде хабарлаған.
Жаңа тәртіп 25 тамыздан бастап іске қосылған QazETA электронды кіруге рұқсат беру жүйесіне байланысты. Жүйе ЕАЭО елдерінің азаматтарына да қатысты.
Қазір QazETA 1 қарашаға дейін тест режимінде жұмыс істейді. Осы кезеңде электронды рұқсаттың болмауы Қазақстанға кіруге кедергі болмайды.
Ал, 1 қарашадан бастап жүйе міндетті талапқа айналмақ. Жаңа тәртіп әуежайлармен қатар, басқа да шекара бекеттерінде қолданылады.
Шетелдіктер Қазақстанға кіру үшін 3,9-7,6 мың теңге төлеуі мүмкін
Фото: Gemini ИИ