Маңғыстауда Джеки Чанның жаңа фильмінің түсірілімі басталды

Фото: Life09

Маңғыстау облысында халықаралық «Armour of God: Ultimatum» фильмінің түсірілімі ресми түрде басталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жобаның салтанатты ашылу рәсімінде режиссер Роберт Кун мен әлемге әйгілі актер Джеки Чан кино әлемінің ежелгі дәстүріне сай арнайы кинотарелканы сындырып, түсірілімге ресми түрде старт берді.

Түсірілім қайда өтеді?
Фильмнің ең негізгі әрі ауқымды көріністері Маңғыстаудың інжу-маржаны — ғажайып Бозжыра шатқалында таспаланады. Бұл ауқымды жоба Қазақстанның қайталанбас табиғи сұлулығын әлемдік аудиторияға паш етуді мақсат етеді.