Маңғыстауда 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген акуланың тістері табылды

Фото: Gemini ИИ

Ғылыми зерттеуді швециялық ғалым, палеонтолог Штефан Киль және Есенов университетінің студенттері мен оқытушылары бірлесіп жүргізген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Экспедиция барысында киттің қабырғасы, теңіз жұлдызының қалдықтары және түрлі моллюскалар да табылған.

Зерттеушілердің айтуынша, ерте заманда Маңғыстау аумағы алып Тетис мұхитының бір бөлігі болған. Бүгінде шөлейтті аймақ саналатын өңірдің тереңінде миллион жылдық теңіз тарихы жатыр.