Қоғамдық келісім мен этносаралық татулық – тұрақты дамудың негізі

Сурет: «Әділет» партиясы

Қарағанды қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Басқосуға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Жұрағат Баман, Елдос Жүнісов, Зара Шалабаева және Дархан Тілемісов қатысты.

Сайлау

Кездесу барысында қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру және түрлі этномәдени бірлестіктердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы мәселелері қозғалды.

Сайлау

Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы қоғамдық даму мен азаматтық бастамаларды қолдауға қатысты бағыттарды таныстырды. Сонымен қатар өңірдегі бірлік пен өзара құрметті нығайту, қоғамдық ұйымдардың әлеуетін арттыру және азаматтардың ортақ бастамаларын қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Сайлау

«Қоғамдағы тұрақтылық пен келісім – ел дамуының маңызды шарттарының бірі. Әртүрлі этнос өкілдерінің өзара құрмет пен түсіністік жағдайында өмір сүруі, ортақ мақсат жолында бірігуі қоғамның тұтастығын нығайтады. Бұл ретте этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді қалыптастырудағы еңбегі ерекше», – деді Жұрағат Баман.

Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз пікірлерін білдіріп, қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Басқосуға шамамен 50 адам қатысты.
 

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.