Кейбір кәсіпкерлерге 2,6 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

Фото: Gemini

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру талаптарын орындамаған кәсіпкерлер мен мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мамандардың айтуынша, ғимараттар мен көрсетілетін қызметтердің ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолжетімді болуын қамтамасыз етпеген жағдайда, заңнамаға сәйкес ірі көлемде айыппұл қарастырылған. Айыппұл мөлшері кейбір жағдайда 2,6 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Дереккөз: BAQ.KZ