Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Gemini ИИ

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайда Life09 ақпарат агенттігі 112 KZ-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, таулы жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

Абай, Павлодар және Жетісу облыстарында желдің жылдамдығы 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Сонымен қатар, бірқатар өңірде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Кей жерлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.