Алматыда жасанды интеллектке арналған екі орталық ашылады

Фото: Gemini ИИ

Алматыда IT саласын дамытуға бағытталған Almaty AI Hub және Almaty AI Park жобалары жүзеге асырылып жатыр. Орталықтар білім беру, ғылыми зерттеу, стартаптар мен технологиялық компаниялардың басын қоспақ, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Almaty AI Hub Көктем-3 шағынауданында орналасады. Аумағы 9,4 мың шаршы метрден асатын ғимаратта IT және AI компанияларына, стартаптар мен деген әзірлеушілерге арналған кеңістіктер, коворкингтер, оқу алаңдары мен конференц-залдар ашылады. Сондай-ақ мұнда Tomorrow School мектебі мен AI Campus инфрақұрылымы болады.

Almaty AI Park 4,9 гектар аумақта салынады. Жоба аясында жасанды интеллект зертханалары, кеңселер, коворкинг, акселератор, бизнес-инкубатор және университет орналасады.

Құрылыс екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңді 2027 жылғы желтоқсанда, ал екінші кезеңді 2028 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған.