ҚАРАҒАНДЫДА МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ АТЫНДАҒЫ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Фото: Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің баспасөз қызметі

Қазақтың дәстүрлі ән өнерін ұлықтау, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау, сондай-ақ талантты орындаушыларды қолдау мақсатында Манарбек Ержанов атындағы І республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған өнер додасына еліміздің әр өңірінен барлығы 23 үміткер қатысып, өздерінің орындаушылық шеберліктері мен дәстүрлі әншілік өнердегі қабілеттерін ортаға салды.

Байқауды Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік ұйымдастырды.

Байқауға қазылық еткен қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов, Ғалым Мұхамедин, Жақсыкелді Кемалов, Дүйсенбек Өмірәлі және Дәуренбек Аркенов болды. Өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық деңгейін, әнді нақышына келтіріп орындауын, дәстүрлі әншілік мектептердің ерекшеліктерін бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бас жүлде – Дәулетбек Ақжігіт;

І орын – Барақбай Бексұлтан;

ІІ орын – Өмірғалы Мадияр, Нурпейісов Ермек;

ІІІ орын – Рахадұлы Нұрғиса, Нұртуған Абылайұлы, Ерасыл Махан.

Сонымен қатар байқаудың арнайы сыйлықтары мен дипломанттары да анықталды.

Арнайы сыйлық иегерлері:
Қосымжан Бабақов атындағы арнайы сыйлық – Қабдел Қастер.
Мағауия Көшкінбаев атындағы арнайы сыйлық – Алтынбек Тұрғамбаев.
Жабай Тоғандықов атындағы арнайы сыйлық – Алмас Көшкінбаев.
Қуан Лекеров атындағы арнайы сыйлық – Құнанбай Жалын
Әнші Жаңыл Қартбаева атындағы арнайы сыйлық – Мархаббат Арматқызы

Байқау дипломанттары:
Салтанат Кеңес,Акниет Серғазина,
Бекарыс Шаймаханбет.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, арнайы сыйлық иегерлері мен дипломанттарды шын жүректен құттықтаймыз! Барша қатысушыларға өнер жолында шығармашылық табыс, шабыт пен толағай жетістіктер тілейміз!

Осындай тағылымды өнер додалары арқылы қазақтың дәстүрлі ән өнері дәріптеліп, ұлттық руханияттың асыл мұрасы келер ұрпаққа аманатталады.