Алматыда кішкентай баласы көлік салонын байқамай былғап алғаны үшін жолаушы әйелге дөрекілік көрсеткен такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап.
53 жастағы жүргізуші сапар барысында әйелді балағаттап, көлік тоқтағаннан кейін де тіл тигізуін жалғастырған. Жолаушы болған жағдайды видеоға түсіріп, полицияға арызданған.
Сот шешімімен такси жүргізушісі 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Алматыда жолаушы әйелді балағаттаған такси жүргізушісі 7 тәулікке қамалды
Фото: Gemini ИИ