Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 27 мамырда басталады. Қарағанды қаласында құрбандық шалу рәсімін өткізу үшін арнайы 3 орын бекітілді.
Мал сою пункттерінің мекенжайлары:
«АРАЙ КЗ» ЖШС – Гоголь көшесі, 2/23;
«Хасенов» ШҚ – Сейфуллин көшесі, 53;
«АБИШЕВ» ЖК – Резник көшесі, 18.
Қашықтан құрбан шалу:
Егер мал сою пункттеріне баруға мүмкіндігіңіз болмаса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы іске қосқан qurban.muftyat.kz сайты арқылы тапсырыс беруге болады. Бұл сервис құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге мүмкіндік береді.
Есіңізде болсын:
Арнайы белгіленбеген орындарда мал союға тыйым салынады. Сақтық шараларын сақтап, тазалыққа көңіл бөлуіңізді сұраймыз.
Ақпаратты жақындарыңызбен бөлісіп, сақтап қойыңыз!