2025-2026 оқу жылы өз мәресіне жетті. Өңіріміздің білім саласындағы басты жаңалықтармен таныс болыңыздар:
Мектеп бітірушілер назарына:
25 мамыр – «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай сынып сағаты өтеді.
Биыл 8 мыңнан астам 11-сынып түлегі мектеп бітіреді.
248 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер.
2 - 15 маусым – қорытынды аттестаттау күндері.
17 - 18 маусым – аттестат тапсыру салтанаты.
Маңызды шектеулер:
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мейрамханаларда кеш өткізуге, автокортеж жалдауға және мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынды.
Мектепке дейінгі тәрбие:
Облыста 83 жаңа балабақша ашылып, 42 мыңнан астам бала қамтылды.
Қарағанды қаласында балабақшаларды ваучерлік қаржыландыруға көшіру басталды.
Халықаралық жетістіктер:
«Мұрагер» мектебінің JELTOQSUN командасы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 1-орын иеленіп, әлемді таңдай қақтырды.
Оқушыларымыз Alem Tech Fest, Infomatrix Asia және RoboCup жарыстарында үздік шықты.
Қабылдау науқаны:
1-сыныпқа құжат қабылдау: 29 маусым – 31 тамыз.
Колледждерге құжат қабылдау: 20 маусым – 29 тамыз.
Құжаттарды eGov.kz арқылы тапсыруға болады.
Түлектерімізге сәттілік тілейміз!