ІІМ: Шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала суға кетіп, көз жұмды

Фото: Gemini ИИ

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы бері су айдындарында 69 баланың өмірі қиылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі  Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Көптеген қайғылы жағдай шомылуға тыйым салынған немесе арнайы жабдықталмаған орындарда болған. Сондай-ақ, балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы және демалыс кезінде алкогольдік ішімдік ішу де оқыс оқиғаларға себеп болған.

ІІМ ата-аналар мен демалушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау, тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген жағажайларда шомылу – қайғылы жағдайлардың алдын алудың басты жолы.