«BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Фото: Life09

Астанада 11–12 шілде күндері өткен «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалі өз мәресіне жетті. Фестивальге Қазақстанның әр өңірі мен шетелден келген қымыз өндірушілер қатысып, келушілерге жалпы көлемі 56 тонна қымыз ұсынылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Бас жүлде Ақмола облысы Бурабай ауданындағы «Qymyznai Qymyzy» қымыз өндірушісіне бұйырды. Жеңімпазға автокөліктің кілті табысталды.

Алтын жүлдені Ақмола облысы Ақкөл ауданынан келген «Ағабек ата ерекше қымызы» иеленді.

Күміс жүлде Ақмола облысы Целиноград ауданындағы «Saryarqanyn Saf Qymyzy» брендіне берілді.

Қола жүлдеге Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданынан ұсынылған «Qarakush» қымызы лайық деп танылды.