Астанада қызды қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

Фото: Gemini ИИ

Астанада жаяу жүргіншіні қағып, тоқтамастан кетіп қалған жүргізуші қолға түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйекте сағат 11:26 шамасында Мәңгілік Ел даңғылында болған. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда Jetour T2 көлігінің қызды қағып кеткеннен кейін оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді. Оқиға сәті басқа көліктің бейнетіркегішіне жазылып қалған.

Полиция жүргізушіні анықтап, ұстады. Автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізілді.

Қазір оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр.