Ақмола облысында анасының жанында жатқан сәби тұншығып қайтыс болды

Фото: Gemini ИИ

Қайғылы оқиға Ақкөл ауданындағы үйлердің бірінде тіркелген. Әйел қонақтан мас күйінде оралған. Кейін баласын емізіп отырып ұйықтап қалған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттіг Sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.

Біраз уақыттан соң оянған анасы нәрестесінің қимылсыз жатқанын көрген. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері сәбидің тұншығудан қайтыс болғанын анықтады.

Сот отырысында әйел кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Сот шешімімен оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ пробациялық бақылауға алынды.