Алматыда электросамокат тізгіндеген ер адам жол жиегіндегі жиектасқа соғылып, ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем мамандары оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам самокатпен жүргенде қорғаныш дулығасын және өзге де қауіпсіздік құралдарын пайдаланбаған.
Қазір полиция қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам көз жұмды
Фото: Gemini ИИ