Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде балалар алаңында кішкентай балаға шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды. Әлеуметтік желіде тараған бейнебақылау камерасының кадрларынан оның ойнап жүрген балаларға жақындап келіп, олардың бірін күшпен итеріп жібергенін көруге болады. Салдарынан бүлдіршін жерге құлап, дене жарақатын алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті — дәл осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны. Оның мұндай агрессивті әрекетке баруына балалар арасындағы өзара келіспеушілік себеп болған көрінеді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматыда балалар алаңында бүлдіршінді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Фото: Life09