Ақтаулық скрипкашы Әлия Жаналиева Каспий теңізінің дәл ортасында скрипкамен өнер көрсетіп, ерекше концерт ұйымдастырды. Танымал шығармаларды орындаған өнерпаз теңізде демалып жүрген тұрғындар мен туристердің ыстық ықыласына ие болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Музыканттың айтуынша, мұндай идея аяқ астынан пайда болған. Ол бұған дейін Threads желісінде ерекше жерде концерт өткізуді армандайтынын жазған. Кейін сапборд ұйымдастырушысы осы ойды жүзеге асырып, концертті теңіздің үстінде өткізуді ұсынған.
Ақтаулық скрипкашы Каспий теңізінің ортасында ерекше концерт қойды
Фото: Life09