Қарағанды қаласындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ кәсіпорнында еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Басқосуға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Увайс Джанаев, Жұлдыз Сағымбаева, Виталий Хмелевский және Иван Скородиевский қатысты.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасындағы өнеркәсіп саласын дамытуға қатысты басымдықтар таныстырылды. Атап айтқанда, өндіріс орындарын жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қозғалды.

Кәсіпорын қызметкерлері өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдауға қатысты пікірлерін білдірді. Кандидаттар жұмысшылардың ұсыныстарын тыңдап, өнеркәсіптің тұрақты дамуы білікті мамандардың еңбегі мен өндірістік әлеуетті тиімді пайдалануға байланысты екенін атап өтті.

– Өнеркәсіп кәсіпорындарының дамуы өңір экономикасына ғана емес, мыңдаған адамның тұрмыс сапасына да әсер етеді. Сондықтан өндіріс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету және заманауи технологияларды енгізу маңызды, – деді кандидат Меруеш Башай.
Кездесуге 70-ке жуық адам қатысты.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.