Астанада InDrive сервисінің жүргізушісі жолаушы әйелге әдепсіз әрекет жасап, интимдік сипаттағы ұсыныстар айтқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, оқиға 11 қазан күні таңғы сағат 07:00 шамасында болған.
Жүргізушінің әрекеті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу деп бағаланды.
Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Астанада жолаушы әйелге тиіскен такси жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
Фото: Gemini ИИ