Қарағандылық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Бейжіңде өткен WTT China Youth Smash жастар турнирінде сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Алты кездесуде жеңіске жеткен спортшы жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Қазақстан үстел теннисі федерациясының мәліметінше, Алан Құрманғалиев турнирде U19 жас санатында сынға түсіп, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.

Жартылай финалда Эльмира Әлиеваның шәкірті Қытай спортшысы У Ифэйді 4:3 есебімен жеңді. Алайда финалдық кездесуде қытайлық Тан Ижэньге есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.