Бельгиялықтар Королі Филипп қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, бұған дейін Тақ мұрагері ретінде Қазақстанға жасаған сапарларын еске алды

Сурет: t.me/aqorda_resmi
– Сіздің басшылығыңызбен еліңіз дамудың даңғыл жолына түскеніне ерекше әсерлендік. Сапар кезінде танысу жоспарланған жасанды интеллект, энергетика, атом энергиясы салалары екі ел үшін өте маңызды. Ғалымдардың дөңгелек үстелдегі пікірталасына куә боламыз. Бізбен бірге университеттердің ректорларынан, компания өкілдерінен тұратын үлкен делегация келді, – деді Король Филипп.

Сондай-ақ келіссөз барысында екі елдің ресми делегация мүшелері сөз сөйледі. Тараптар кездесу соңында көптеген бастама көтерілгеніне көңіл толатынын атап өтіп, іс жүзіндегі ынтымақтастықты одан әрі өрбітуге дайын екенін растады.

t.me/aqorda_resmi