Дәріханаларда мерзімі өткен және тегін берілуі тиіс дәрілер сатылған

Фото: Gemini ИИ

Кейбір дәріханаларда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер сатылған. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

«Нақты Өнім» қосымшасы арқылы осындай 7 500 дерек тіркелген.

Сонымен қатар, науқастарға тегін берілуі тиіс 26 мыңнан астам дәрінің сатылғаны анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты 31 ұйымға жалпы сомасы 12 миллион 300 мың теңге айыппұл салынды. Тағы 43 дәріханаға заңға қайшы әрекеттерді жою туралы нұсқама берілді.