Фейктердің жаңа толқыны: ІІІ тоқсанда не өзгерді?

Фото: Life09

2026 жылдың үшінші тоқсанында Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жалған және манипуляциялық ақпаратқа қатысты 52 жағдайды анықтады. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 85,7 пайызға көп. Ең жоғары көрсеткіш қыркүйекте тіркелді – 24 кейс.

Тақырыптар арасында Қарулы Күштерге қатысты жалған ақпарат көш бастап тұр – 12 жағдай. Одан кейін заң мен тәртіп, әлеуметтік саясат және білім беру салалары келеді.

Мамандардың айтуынша, фейктердің басым бөлігі шынайы ақпаратты бұрмалау арқылы жасалады. Сондықтан ақпаратты таратпас бұрын оның дереккөзі, жарияланған уақыты мен бастапқы контекстін тексеру маңызды.