«Қазгидромет» 8–10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі. Шығыста көктайғақ болуы мүмкін.
Батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Ауа температурасы:
• батыста — +5…+27°C;
• солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта — -6…+17°C;
• шығыста — 0…+15°C;
• оңтүстік және оңтүстік-шығыста — +3…+25°C.
Таулы аудандарда ауа температурасы 2°C-қа дейін төмендеп, үсік жүреді.