Жамбыл облысында 88 шетел азаматы елден шығарылды

Фото: Gemini ИИ

«Заңсыз келуші – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция 254 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасын бұзған 88 шетел азаматы Қазақстаннан 5 жыл мерзімге шығарылған.

Бұдан бөлек, халықаралық іздеуде жүрген 5 шетелдік ұсталды. Ал шетел азаматтарының елде болу тәртібін бұзуға жол берген 57 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.