Ақтауда қаза тапқан 20 жастағы сарбаз Сержан Аяпбергенді ақтық сапарға шығарып салды

Фото: Азамат Сарсенбаев

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметші, самбодан ел чемпионатының жүлдегері Сержан Аяпбергенмен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға жиналған халықтың қарасы өте көп болды. Рәсімге Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, бұрынғы депутат Еділ Жаңбыршин және мемлекеттік орган өкілдері арнайы келді.