Блефаропластикадан кейін бір көзінің көру қабілетінен айырылды: Шымкентте заңсыз ота жасаған азамат сотталды
Шымкентте тиісті лицензиясы мен сертификаты болмаған азаматқа заңсыз пластикалық ота жасағаны үшін сот үкімі шықты.
Сот материалдарына сәйкес, ол жәбірленушіге блефаропластика жасап, операциядан кейін әйелдің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.
Іс барысында азаматтың медициналық қызмет көрсетуге қажетті рұқсат құжаттары болмағаны және заңсыз медициналық қызмет көрсеткені дәлелденді.
Сот шешімімен ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ үш жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.