Қарағандыда энергетикалық нысандарды тексеру кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары кеңінен қолданылып келеді. Заманауи технология мамандарға бару қиын учаскелерді жедел бақылап, ықтимал ақаулар мен бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Ұшқышсыз аппараттарды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің мамандары қаланың энергетикалық инфрақұрылым нысандарын тексеру барысында пайдаланады.
Дрондардың көмегімен мамандар электр беру әуе желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды, түтін мұржаларын және көзбен бақылау қиын басқа да учаскелерді тексереді. Әуеден фото және бейнетүсірілім жүргізу нысандардың техникалық жай-күйі туралы жан-жақты әрі нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте биіктікте күрделі әрі ұзақ уақытты қажет ететін жұмыстарды жүргізудің қажеті жоқ.

Түсірілім барысында алынған материалдар нысандардағы зақымдарды, ықтимал тәуекелдер мен ақауларды анықтауға, сондай-ақ жүргізілген тексеру нәтижелерін кейінгі талдау үшін тіркеуге мүмкіндік береді.
Ұшқышсыз технологияларды пайдалану мемлекеттік энергетикалық бақылаудың жеделдігі мен тиімділігін арттырып отыр. Сонымен қатар бұл тәсіл Қарағандының энергетикалық инфрақұрылымының жай-күйін тұрақты әрі мұқият бақылауға, оның сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің ақпараты бойынша