Қайғылы жағдай 1 қыркүйек күні кешкі сағат 20:30 шамасында Круглоозерный ауылында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 2015 жылы туған бала электр подстанциясына шығып, тоқ соғу салдарынан көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
БҚО-да 11 жастағы бала электр подстанциясында тоққа түсіп, қаза тапты
Фото: Gemini ИИ