Балқашта көпір астында ер адамды пойыз қағып, қаза тапты

Фото: Gemini ИИ

Балқашта 34 жастағы ер адамды жүк пойызы қағып кеткен. Қайғылы оқиға қалаға кіреберістегі көпірдің астындағы теміржол учаскесінде болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, адам өліміне әкеп соғу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.