Оқиға 2 қыркүйекте К. Маркс көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.33 жастағы мас ер адам газ баллонын жарып жіберетінін айтып, тұрғындарды алаңдатқан.
Қауіпсіздік үшін полиция 35 тұрғынды эвакуациялады. Кейін ер адам пәтерінің есігін ашып, полиция бөліміне жеткізілді.Пәтерді тексеру кезінде газ иісі анықталмаған.
Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол уақытша ұстау камерасына қамалды. Жиналған материалдар сотқа жолданды.
Шахтинскіде ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқан
Фото: Gemini ИИ