Қоғам қайраткері, тарихшы, профессор Еркін Әбіл жасампаз қоғам қалыптастыру үшін жастарға ең алдымен адал еңбек құндылығын сіңіру қажет екенін айтты.
Оның сөзінше, байлыққа ұмтылу – қалыпты құбылыс. Алайда табыс пен жетістікке апарар жол адал еңбекпен және маңдай термен келуі тиіс.
Сондай-ақ Еркін Әбіл қай салада болмасын кәсіби білімді болудың маңызы зор екенін атап өтті. Оның пікірінше, адал еңбек пен сапалы білім – қоғамның дамуы мен берекелі өмірдің басты негізі.