Алматы, ШҚО, Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде жаңбырдың соңы қарға ұласып, тұман күтіледі. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жетісу облысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. Бірқатар өңірлерде желдің екпіні 15-23 м/с-қа дейін күшейеді.
Еліміздің солтүстігі мен шығысында 1-3°C дейін үсік күтіледі.
Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл күтіледі.
Бірқатар өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту
Сурет: ЖИ