Қазақстанда енді eGov арқылы төтенше жағдайда ауруханаға түскен кезде хабарлама берілетін сенімді үш адамды алдын ала белгілей алады. Бұл қызмет жол апатына түскен немесе денсаулығы күрт нашарлап, жақындарымен өзі байланыса алмай қалған жағдайда көмектеседі, деп хабарлайды Liife09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтем е жасап.
Ол үшін:
- eGov.kz порталына авторизациядан өту;
- «Госпитализация жағдайында хабарлау үшін сенімді байланыстарды тіркеу» қызметін таңдау;
- сенімді адамның ЖСН-ын енгізу қажет.
Сенімді адам 18 жастан асқан және мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы керек.
Одан кейін пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге және денсаулық жағдайына қатысты мәліметтерді беруге келісімін растауы қажет.
Көрсетілген адамға тіркеуді растау немесе одан бас тарту туралы SMS келеді. Растау үшін жауап ретінде 911, ал бас тарту үшін 912 кодын жіберу керек. Шешім қабылдауға бес сағатқа дейін уақыт беріледі.
Егер сенімді байланыс тіркеуді растаса, пайдаланушы сұрауға қол қояды. Осыдан кейін тіркелген адам туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі.
Қызметті eGov Mobile қосымшасынан да пайдалануға болады. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» → «Денсаулық сақтау» бөлімдеріне кіру қажет.
Шұғыл ауруханаға түскен жағдайда жақыныңа хабар беретін жаңа қызмет іске қосылды
Фото: Gemini ИИ